Инклюзивті мектеп ашылды

Ауданда ерекше балалар үшін инклюзивті білім беретін «Аqildi bala» атты мектептің ашылу салтанаты болып өтті. Өзгеден ерек бүлдіршіндерді қоғамнан алыстатпай, бір толқында өсіру, білім беруді мақсат еткен орталық қазірше 100 баланы оқыту мүмкіндігіне ие. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған
инклюзивті мектеп жайлы алдағы сюжетте.
Өткенге – құрмет, бүгінге – өнеге

Барлық адам ұстаздан білім алады. Мұғалім тәрбиесін көріп, білім ошағынан қанат қаққандар алтын ұя мектептерін еш уақытта ұмытпасы анық. Тегісшіл ауылында бақилық болған ардақты ұстаздарға арнап ас берілді. №34 Ш.Уәлиханов мектебінің 1964 жылы туған түлектері Құран оқытып, көпшілкке ақ дастархан жайды.
Сарыағаш ауданында 82 учаске жұмыс жасады

Бүгін елімізде республикалық референдум болып өтті. Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасты. Тәуелсіздік алғалы 4-рет өткен референдум, бұл жолы саяси өзгерістерге алып келмесе де, елдің ертеңі үшін маңызды рөл ойнайтыны сөзсіз. Аудан басшысы Арман Абдуллаевпен қоса Сарыағаш жұртшылығы да референдумға жауапкершілікпен қарап, өз дауыстарын беруге асықты.
Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Келестіктер ұлағатты ұстаздар қауымына құрмет көрсетті. Мұғалімдер күні мерекесіне орай Келес аудандық мәдениет үйінде ауқымды іс – шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. Мерекелік шара соңы эстрада жұлдыздары қатысқан концерттік бағдарламаға жалғасты.
Құмар ойынға бәс тіккендер жұмысынан айырылады

Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс. Осы орайда Келес ауданында лудоманиядан сақтану, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау туралы жиын өтті.
Қариялар құрметке бөленді

1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, “Салыбек” шипажайының басшылығы қариялар мен демалушылар үшін арнайы шара ұйымдастырды. Көктеректің ақсақалдары мен ажелеріне ақ дастархан жайған ұйымдастырушылар, жиналғандарды мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. Толығырақ, келесі бейнематериалда.
Жамбылдықтармен жүздесу

Жамбылда Жыл басынан бері бірде-бір қылмыстық іс тіркелмеген. Бұл туралы Жәнібек Ағыбаев ауылдық округ тұрғындарымен жүздесу жиынында айтты. Шалғайда орналасқан елді – мекен азаматтарымен кездесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берген әкім алдағы жоспарлармен бөлісті. Ауылдық округке іс – сапарын Ағыбаев Майдабозайдағы ауыз су жүйесінен бастады.
10 000 жаңа жұмыс орны ашылады

Ауданымызға арнайы іс-сапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев медицина қызметкерлерімен, сондай-ақ, педагогтармен кездесу өткізді. Мақсат- 6 қазанда өтетін Республикалық референдумның мән-маңызын түсіндіру және атом электр станциясының ел экономикасының дамуына қосатын үлесін халыққа жеткізу. Жиынға облыстың және ауданның халық қалаулылары қатысып, АЭС жайлы алып-қашпа әңгімелерге мән бермеуге шақырды.
Ақталған үміт

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс
«Жүзім шаруашылығын дамыту қажет»

Сарыағаш ауданында жүзім шаруашылығын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Оған аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, шаруалармен пікір алмасты. Семинар барысында аудан әкімі жүзім шаруашылығының маңыздылығына тоқталып өтті.