«Солтүстікке шақырамыз»

Оңтүстік өңірден Солтүстікке көші-қон ұйымдастыру арқылы азаматтарды жұмыспен қамту – негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда, айтулы бастамаға үлес қосушы делегация мүшелері Сарыағаш ауданында болып, жергілікті тұрғындарға бағдарламаның негізгі басымдықтарын түсіндірді. Түркістан облыстық маслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков жерлестерін солтүстікке қажетті жұмыс күш қатарын толықтыруға насихаттады.

Ұлттық құндылықтар дәріптелетін онкүндік

Келес ауданында Түркістан облыстық білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ұлттық құндылықтар негізінде отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты арнайы жиын өтті. Облыс көлемінде қолға алынған онкүндік “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған. Жуантөбе жалпы орта мектебінде өткен шара туралы толығырақ келесі сюжетте.

«Әкелер мектебі өнегелі ұрпақ тәрбиесі»

Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатында “Әкелер мектебі – өнегелі ұрпақ тәрбиесі” атты шара өтті. Аудандық Әкелер мектебімен бірлесе ұйымдастырылған семинардың мақсаты – әкелердің міндеттері мен жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды сақтау.

«Ислам және отбасы құндылығы»

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде алқалы жиын өтті. “Ислам және отбасы құндылығы” атты шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебеков пен құқық қорғау органы қызметкерлері қатысты. Жиында маңызды мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Рамазан айына дайындық пысықталды.

Тегін оқуға шақырады

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Полиция басқармасының ұйымдастыруымен жиын өтті. 300-ге жуық оқушы мен студент қатысқан шараның мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, зорлық – зомбылықты болдырмау. Толығырақ, алдағы сюжетте.

«Ашық есік» күні өтті

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай, Сарыағаш қаласындағы «Bah_asmar» кәсіпорнында мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.

Балағаттағаны үшін 10 күнге қамалды

Адамның жекесіне өтіп, балағаттауға қатысты заңға немқұрайлы қараған азаматтар енді тілдерін сүзгіден өткізуге мәжбүр болмақ. Өйткені, агрессор әрбір бейәдеп сөзіне жауап береді. Мәселен, әйелін балағаттап, ар-намысын таптағаны үшін Сарыағаш қаласының тұрғыны 10 күнге қамауға алынды. Жарына деген құрметіне қарағанда, қызғанышы басым балағат сөз шебері бүгінде темір тордың арғы жағында әйелін былапыт сөзбен қорлағаны үшін өкінетінін айтып әлек.

Бағыс е/м жарықшамдар орнатылды

2024 жыл қорытындысы бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаевтың өңір тұрғындарымен кездесуі басталды. Халық алдындағы алғашқы есеп Ақжар ауылдық округінің мәдениет үйінде өтті. Жиында Арман Айдарұлы өткен кездесуде көтерілген 21 мәселеленің шешілу барысын баяндады. Сондай-ақ, әкім 2025 жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен бөлісті.

«Ауған соғысы – ұмытылмас тарих»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, Келес ауданында арнайы шара өтті. «Ауған соғысы – ұмытылмас тарих» атты салтанатты жиын, монументке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жиналғандар қаза болған боздақтарды еске алып, Құран аяттарын бағыштады. Толығырақ, алдағы сюжетте.

«Ауған соғысы – ұмытылмас естелік»

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толады. Айтулы датаға орай, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Алдымен Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағындағы мемориалға гүл шоқтары қойылып, боздақтардың рухына Құран оқылды. Шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Айтып өтейік, ауданымызда қазір 129 Ауған соғысы ардагері бар.