Майдабозайға ауыз су берілді

Майдабозайлықтардың қуаныштан төбесі көкке жетті. Келес ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Майдабозай ауылында жаңа су беру нысаны халық игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Газ тарату станциясы іске қосылды

Келес ауданында газ тарату станциясы іске қосылды.
Түркістан облысына қарасты елді мекендердің инфрақұрылым сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып жатыр. Бүгін тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды.
Логистикалық орталық тәулігіне 300 жүк көлігін қабылдамақ

Облыс әкімі Сарыағаш ауданына арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды ауданымызда құрылысы жүріп жатқан бірнеше ауқымды нысанның жұмыстарын пысықтады. Сондай-ақ, өңір басшысы шаруалармен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
Марапат төрінде – жас ұстаз

Дәуренбек Нұрқұлов – «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауына қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Сарыағаш ауданының тумасы қазіргі таңда №74 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда. Дәуренбек Миятұлы мектептегі еңбек өтілін бастаған сәттен-ақ, сынып жетекші атанады. Осылайша, қаладан келген ауыл мұғалімі өзінің озық білімімен мектеп мақтанышына айналды.
Шахматтан ашық біріншілік өтті

Келес ауданында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, шахматтан жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті. Біріншілік Келес аудандық №1 БЖСМ-нің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойлау деңгейін дамытуға бағытталған спорттық шара жайын әріптесім айтып берсін.
Тәрбиені қолға алмай, әлімжеттік бітер ме?

Ауданымызда жалпы саны 78 мектеп болса, ондағы тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда. Осы орайда, Жартытөбе ауылдық округіндегі Ынтымақ елді мекенінде орналасқан №9 Майлықожа жалпы білім беретін мектебінде аудандық семинар өтті. Мақсат – оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайту, білім ошақтарындағы буллингке бөгет болу және де осы проблемалар төңірегінде мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу.
47,8 млрд тенге көлемінде инвестиция тартылған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде инвестицияны арттыру қажеттігін тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 47,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспар артығымен орындалған. Бұл жайында аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас
ОШАҚТЫ а/о ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Келес ауданы Ошақты ауылдық округінің жаңа әкімі сайланды. Лауазымды орынға Мырзамұратов Мақсат Құлахметұлы тағайындалды. Сайлауда көпшіліктің дауысымен басымдыққа ие болған Мақсат Құлахметұлын Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жаңа қызметімен құттықтады.
РЕЙДТІК ШАРА

Абай ауылы әкімдігі және ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен рейд жүргізілді. Мақсат – қоршаған ортаның тазалығы мен көрнекі орындар мен қасбеттерді ретке келтіру. Толығырақ, тілші жалғайды.