«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы биыл төртінші жыл қатарынан азаматтардың білімі мен зердесін ұштастыратын, ұлттық құндылық пен тарихи сананы дәріптейтін «AMANAT AQYLMAN» зияткерлік ойындарын өткізіп отыр. Биылғы ойындар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейлі белесіне арналды. Іріктеу кезеңдері 17 аудан, қалада өткізілді.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы