
“Jastar ruhy” ЖҚ Түлкібас аудандық филиалы “Киелі Түлкібастан – Қасиетті Түркістанға” атты қайырымдылық керуенін ұйымдастырды. Аталған шара «AMANAT» партиясының “Бақытты отбасы” жобасы мен “Балалар жылының” аясында өткізілді.
Бағдарлама бойынша балалар алдымен киелі орындарға саяхат жасады. Атап айтқанда, Арыстанбаб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, “Сапар” орталығы, “Керуен сарай” ойын-сауық кешені жайлы деректермен танысты.
Рухани-мәдени серпілістен соң, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жоба қатысушылармен жүздесті.

– Бүлдіршіндермен бетпе-бет көрісіп, жүздерінен болашаққа деген сенімдерін көру үлкен бақыт. Өскелең ұрпақтың жақсы жағынан дамып, өркендеп келе жатқаны көңіл қуантарлық жағдай. Жиын соңында балалар жобаға деген көзқарастары жақсы екенін айтып, алғыстарын жаудырды. Армандарымен бөлісті. Кездесу ерекше өтті десек те болады, – деді Қалыйма Жантөреқызы.
Атап өтерлік, аталған қайырымдылық керуеніне түлкібастық 50 бала қатысты. Олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға дән риза. Бұл жоба жалғасын табады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі