Келес ауданында биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін АӘК алушылармен 5718 шарт түзіліп, 2008 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Атап айтқанда, 1246 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 612 адам қоғамдық ақылы жұмыс орындарына, 74 адам әлеуметтік жұмысқа, 71 адам жастар практикасына жіберілген.
Бүгін Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін және төтенше жағдай кезеңінде аудан тұрғындарына көрсетілген әлеуметтік төлемдер мен атқарылған жұмыстар туралы тікелей эфирде есеп берді. Ондағы мәліметке сәйкес, биыл 6437 отбасыға АӘК тағайындалған. Олардың ішінде 2008 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған.
Гүлнұр Құралбаева, Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Төтенше жағдай кезінде аудандағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар, тұрмысы төмен 6063 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық химия тауарларынан тұратын әлеуметтік топтамалар берілген. Ал, жұмыссыз болып тіркеуде тұрған 649 азаматқа сәуір, мамыр, шілде айларында 5567 теңгеден төленген.
Гүлнұр Құралбаева, Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Ал, азаматтардың хал актілерін тіркеу саласы бойынша 2020 жылы аудандағы бала туу көрсеткішінің өскенін байқауға болады. Яғни, биыл туылған нәрестелер былтырғыға қарағанда 500-ге көбейген.
Гүлнұр Құралбаева, Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басты назарында.
Авторлар: Балнұр Зұпарбекқызы, Дінислам Тәліпбай
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.