
Қаладағы мүліктің бүлінгені түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланып, полицияның назарын аударды. Тексеру барысында оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. Олардың бірі көршілес мемлекеттің 17 жастағы азаматы болып шықты.
— Кәмелетке толмаған қыздың көршілес мемлекеттің азаматы екені анықталды. Оқиға кезінде оның ата-анасы Қазақстаннан тыс жерде болған. Қыз ұсталғандардың бірінің атына рәсімделген сенімхат негізінде жүрген. Осыған байланысты ол Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, — деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


