
Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатқан Ерсайын Нағаспаев жаңа қызметке кірісті. Ол енді «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы.
Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясын Елжас Отыншиев басқарған. Алайда Астанадағы доллар шашу оқиғасынан кейін ол жемқорлыққа қатысты іс бойынша ұсталды. Онымен бірге «Самұрық-Қазын» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов та тергеуге ілінді.
Екеуі де 12 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалып, 14 қарашада сот оларды қамауда ұстауға санкция берген. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


