
Иранда әнші Парсту Ахмади, оның музыкалық тобының мүшелері және түсірілім тобына 74 дүре соғылды. Оларға «қоғамдық әдеп нормаларын бұзды» деген айып тағылған.
2024 жылы 29 жастағы әнші өзінің YouTube-арнасында концерттік кештен үзінді жариялаған. Видеода ол иығы ашық, ұзын қара көйлек киіп, хиджабсыз ән айтады. Оған төрт музыкант сүйемелдеу жасаған.
Көп ұзамай әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Иран билігі концертті өткізіуге рұқсат бермегенін, оның елдің құқықтық және мәдени талаптарына сай келмейтінін мәлімдеді.
Биыл маусымда Кум қаласының қылмыстық соты Ахмади мен сегіз адамды «қоғамдық әдеп нормаларын бұзды» деп танып, кінәлі деп тапты.
Айыпталушылар тағылған айыппен келіспеген. Оларға қатысты дүре соғу жазасы жабық жағдайда орындалған. Бұдан бөлек, сотталғандарға екі жыл бойы бейне және аудиоматериал түсіруге, елден шығуға тыйым салынған. Қыркүйек айының соңында апелляциялық сот алғашқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бұл шешім Иранның өнер қайраткерлері мен құқық қорғаушыларының наразылығын тудырды. Олар дүре соғуды адамгершілікке жатпайтын жаза деп атады.
Дереккөз: t.me/stankznews


