АҚШ-та демократтар сайлауда үздік нәтижеге қол жеткізді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Демократтар аралық сайлауда үздік нәтижеге қол жеткізді. Фракция Конгрестің өкілдер палатасында кемі 250 орынға ие болды. 1992 жылдан бері солшылдар мұндай басымдыққа ие болған емес. Бұл рекорд. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, республикашыларға 435 орынның тек 173-і ғана бұйырды.

Бұған қоса демократтар Сенатта 56 мандатқа ие болды. Осылайша келер жылы қаңтарда оппозиция өкілдерінің Конгрестегі ықпалы күшеймек. Фракция Президент Трамптың салыққа қатысты шешімдерін қайта қарауға ниетті. Сондай-ақ импичмент жариялау мәселесін көтереміз деп отыр.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/807670-aks-ta-demokrattar-sajlauda-uzdik-natizege-kol-zetkizdi

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар