Мал ұрлығы күн сайын көбеюде. Бүгін Дарбаза ауылдық округіндегі аудан әкімінің есеп беру кездесуінде осы секілді ауыл ішіндегі өзекті мәселелер көтерілді. Басқосу жиыны әрі қарай Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінде жалғасты. Аталған аймақтарға қатысты өңір басшысы бірқатар елеулі жұмыстар атқарған. Қос есептік жиын барысында аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, мәселе мен өтініштерін тыңдады. Бұл жайлы әріптесіміз Балқыз Даутбай барып біліп қайтты.
Авторлар: Балқыз Даутбай, Құдайберген Сапаров




