Қоғамның шынайы байлығы – бір-біріне қолдау көрсетіп, қамқорлық таныта білетін жандар. Келес ауданында ізгілік пен мейірімділікті ту еткен ерекше мерекелік іс-шара өтті. «Ягома-13» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына екі жыл толуына орай «Ақ ниетті жандар» атты мерекелік басқосу ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолдау көрсету, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру және қайырымдылықтың қадірін дәріптеу.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Құдайберген Сапаров





