Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Аудан басшысы жалпы өңірлік өнім, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және инвестиция салаларындағы өсімге тоқталып, ауданда қолға алынған негізгі жобалар туралы баяндады.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы, Құдайберген Сапаров




