
Бұл мәселе метроның жаңа желілерін салу және жаңа вагондар сатып алу кезеңінде қарастырылуы мүмкін. Ташкент метрополитені басшысының орынбасары Юлдаш Юсупов осылай деп отыр. Айтуынша, әкімшілікке әйелдер вагонын енгізу туралы ұсыныстар жиі түседі. Алайда, қарбалас шақтағы жолаушылар ағыны мен техникалық мүмкіндіктер мұндай бастаманы дәл қазір енгізуге жол бермей отыр.
Бүгінде әйелдер метродағы жалпы жолаушылар санының орта есеппен 40%-ға жуығын құрайды. Юсуповтың пікірінше, жеке вагондардың болуы жолаушы әйелдер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, құқық бұзушылықты азайтады. Әйелдер мен қыздарға арналған мұндай вагондар Үндістан, Мысыр, Бразилия, Иран, БАӘ, Жапония және басқа да бірқатар елдердің метросында бар. Кейбір елдерде бұл вагондар тұрақты түрде жұмыс істесе, қалғандарында қарбалас уақыттарда немесе жұмыс күндері қосылады.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


