Қазақстан бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Құрылтай «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады.

Келісім аясында Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз тарту көзделген. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып саналады. Пайыздық мөлшерлемесі – 1,69%, ал игерілмеген қаражат үшін жылдық 0,15% көлемінде комиссия төленеді.

Қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттардағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар