Түркістанда этносаралық диалогты нығайтудағы медианың рөлі талқыланды

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Түркістан қаласындағы Достық үйінде «Этномедиа және әлеуметтік желілер: цифрлық ортада қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру және өшпенділік тілінің алдын алу» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға «Ел жастары» ұйымының, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және жастар қатысты.

Жиында әлеуметтік желілердің қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етуі мен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мәселелері сөз болды. Қатысушылар бейбітшілік журналистикасының негізгі қағидаттарына тоқталды.

Атап айтқанда, оқиғаны шынайы әрі бейтарап түрде баяндау, ақпараттың растығын тексеру, әртүрлі пікірді ескеру және сындарлы диалог орнату мәселелерін талқылады.

Семинар жастардың медиасауатын арттыруға, цифрлық ортадағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және этнос өкілдері арасындағы түсіністікті нығайтуға бағытталды.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар