
Ал бүгін энергетика министрлігі мұнай құбыры қайда жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
2 қараша күні кешке Ресейдегі ірі мұнай айдау станциясы – “Самараға” дронмен шабуыл жасалды. Кейін нысан аумағында өрт шыққаны хабарланды.
Осы оқиғадан кейін Қазақстан мұнайын «Атырау – Самара» құбыры арқылы тасымалдау уақытша тоқтатылды.
Ал 3 қарашада министрлік техникалық тексеру аяқталғанын және мұнай тасымалы қайта жанданғанын хабарлады. Қазір құбыр штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Дереккөз: t.me/stankznews


