
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы вагондарды жүк түсіріп, қайта тиеусіз тасымалдауға мүмкіндік беретін «Каспий көпірі» жобасын жүзеге асырмақ. Жаңа жүйе арқылы жылына 8 млн тонна жүк тасымалдау, кейін көлемді 12 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.
Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын, яғни Орта дәлізді дамыту және «Каспий көпірі» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


