
Мұны блогер Денис Денски мен балалардың ата-анасы мәлімдеді. Блогердің мәліметінше, 31 қазан күні Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас ішкен соң балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Бір тәуліктің ішінде 15 бала сырқаттанған.
Ал ата-аналар жұмыртқа жемеген сегіз баланың дін аман екенін айтады. Сондықтан олар балалар жұмыртқадан уланған болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
Оның үстіне Ташкенттегі дәрігер балаларға улану диагнозын қойған. Дегенмен зертханалық сараптама нәтижелері әлі шықпағандықтан, балалардың неден ауырғаны әзірге белгісіз күйде қалып отыр.
Қазақстанның Ташкенттегі елшісі жағдайдан хабардар. Қазір зардап шеккен балалардың ата-анасы тексеру қорытындысын күтіп отыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


