
Ақтөбеде есірткі саудасынан түскен ақшаны криптовалютаға айырбастаған қылмыстық топ ұсталды.
Тергеу дерегінше, топқа сегіз адам кірген. Олар 22 банк картасын пайдаланып, тәулігіне 50-70 төлем қабылдаған. Жалпы сомасы 918 мың USDT-ден асатын қаражатты есірткі саудасын ұйымдастырушылардың криптоәмияндарына аударған. Топ жетекшісі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


