Қазақстан мен Кувейт саяси консультациялардың екінші раундын өткізді

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Кувейт Мемлекетінде Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетінің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың екінші раунды өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев, кувейттік делегацияны Кувейт Мемлекеті Сыртқы істер министрінің Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі (орынбасары) Науаф Абдулатиф Әл-Ахмад басқарды. Тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты және практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіекендіктерін растады.

Жоғары және ең жоғарғы деңгейдегі байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударылды. Кувейт тарапы өзара сапарларды ілгерілетуге мүдделі екенін растады. Сауда-экономикалық салада тараптар Қазақстан-Кувейт сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысын өткізу туралы уағдаластықты растады, сондай-ақ өзара тауар айналымын ұлғайту және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.

Консультацияларға қатысқан Кувейттің бейінді мемлекеттік органдары мен қаржы-инвестициялық институттарының өкілдері Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады. Қазақстан тарапы, өз кезегінде, елдің Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сенімді әріптес ретіндегі әлеуетін атап өтіп, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұзақ мерзімді жеткізуді кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Кувейт араб экономикалық даму қорымен (KFAED) және Кувейттің басқа да қаржы институттарымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге жеке назар аударылды.

Тараптар екіжақты шарттық-құқықтық базаны қарастырып, екіжақты құжаттарды келісу және оларды қол қоюға дайындау жөніндегі жұмысты жандандыруға уағдаласты.

Консультациялар барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты ведомствоаралық диалогты жалғастыруға және саяси консультациялардың келесі раундын Астанада өткізуге дайындық расталды.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар