Швеция мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT пайдалануды шектеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Швеция үкіметі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс компьютерлерінде ChatGPT пен Claude жасанды интеллект құралдарының веб-нұсқаларын пайдалануына тыйым салды. Шектеу 26 қазанда күшіне енді.

Шешім құпия ақпараттың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты қабылданған. Билік қызметтік деректердің тиісті қауіпсіздік келісімдерінсіз сыртқы платформаларға енгізілуіне алаңдайды.

Мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік тексеруінен өткен Microsoft Copilot құралын пайдалана алады. Ал ChatGPT пен Claude арнайы жасалған AI платформасы арқылы қызметкерлердің шектеулі тобына ғана қолжетімді болады.

Дереккөз: @baq_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар