
«Бавария» клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн өз мансабында алғаш рет 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесін иеленді. 33 жастағы футболшы «Бавариямен» бірге Бундеслига, Германия кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 65 матчта 73 гол соқты.
Кейн – бұл жүлдені иеленген бесінші ағылшын футболшысы. Оған дейін «Алтын допты» Стэнли Мэтьюз, Бобби Чарльтон, Кевин Киган және Майкл Оуэн алған болатын.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


