Республика күніне орай, Сарыағаш ауданында екі медициналық нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Дархан ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, ал Бостандық елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа нысандар ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге және алғашқы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





