
Францияның оңтүстігіндегі Обань қаласында 14 жастағы оқушы мектепке қару алып кіріп, бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан мектеп директоры мен мұғалім жарақат алды.
Жасөспірім аңшы мылтығын гитара қапшығына салып әкелген. Оны мектеп қызметкері тоқтатып, полицияға тапсырған.
53 жастағы директор мен 37 жастағы мұғалім жарақат алған. Тағы бір адам жеңіл жараланған. Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оқушылар арасында жараланғандар жоқ.
Күдікті ұсталды. Марсель прокуратурасы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу бастады. Оқиғадан кейін мектепті уақытша жабу туралы шешім қабылданды.
Дереккөз: @baq_kz


