Ақтөбеде жанжал кезінде ер адам әйелді пышақтап кетті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ақтөбеде әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен 28 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жанжал барысында күдікті әйелге пышақ жарақаттарын салған, салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Қылмыстың себептері мен мотивтері анықталуда, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Облыстық полиция департаменті тергеуді бақылауына алды. Әлеуметтік желіде ер адамның әйелмен жанжалдасып, оған пышақ сұққан сәті түсірілген видео тарады.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар