Юлле Мадизе ресми түрде Эстония президенті қызметіне кірісті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Эстонияның бұрынғы құқық канцлері Юлле Мадизе ант беріп, ел президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.

Инаугурация рәсімі дүйсенбі күні Рийгикогу мәжіліс залында өтті. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15–те сайланған президент жұбайы Лаури Мадиземен бірге Кадриоргтегі президент кеңсесіне келді. Оларды қызметінен кетіп жатқан мемлекет басшысы Алар Карис пен оның жұбайы Сирье Карис қарсы алды.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар