Яндекстегі ақаудан соң inDrive такси бағасы күрт өсті: антимонополиялық орган ескерту жолдады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына және тұтынушылардың құқықтарының шектелуіне әкелуі мүмкін әрекеттерге жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдады. Бұған 11 қазанда «Яндекс Go» сервисінің уақытша қолжетімсіз болуына байланысты жол жүру құнының едәуір өскені туралы БАҚ-та жарияланған хабарламалар негіз болған.

Агенттіктің хабарлауынша, пайдаланушылардың такси шақыруға арналған балама платформаларға жаппай ауысуы нәтижесінде inDrive қызметіне сұраныс айтарлықтай артты. Жекелеген жағдайларда сапар құны үш есеге жуық өскен.

inDrive компаниясы жағдайды тұрақтандыру мақсатында сервис комиссияны міндетті салықтарды жабуға жеткілікті ең төменгі деңгейге дейін төмендетіп, сондай-ақ баға бойынша саудаласудың шекті ауқымына қатысты шектеулер енгізген.

Агенттік бұл ескертудің алдын алу сипатында екенін және оның ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар