Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Дегенмен де, кейбір жанұяларда отбасылардың ажырасуы, бала тәрбиесі мен алимент төлеуге қатысты даулар өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуі тек олардың жеке өміріне ғана емес, балалардың болашағына да әсер етеді. Ал мұндай жағдайда әр азаматтың құқықтық сауаттылығы қаншалықты маңызды? Заң аясында қандай құқықтар мен міндеттер қарастырылған? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрболат Еркін



