Құқық пен жауапкершілік – құқықтық мәдениеттің негізі

Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, заң талаптарын сақтау және өзге адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қарау негізгі қағидаттар ретінде айқындалған.

«Заң және тәртіп» қағидаты қоғамда заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте әр адамның өз құқықтарын пайдалануымен қатар, қоғам алдындағы жауапкершілігін де сезінуі маңызды.

Құқықтық мәдениет тек заң талаптарын білумен шектелмейді. Ол күнделікті өмірде, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтаудан, өзгелердің пікіріне құрметпен қараудан, еңбекке жауапкершілікпен қараудан және цифрлық ортада әдеп нормаларын ұстанудан көрініс табады.

Әсіресе, жас ұрпақ арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Өз құқықтары мен міндеттерін түсінетін, әрекеттерінің салдарын бағалай алатын азаматтар қоғамның тұрақты дамуына үлес қосады.

Құқық пен жауапкершілік өзара тығыз байланысты. Әр азамат заңды сақтап, өзгелердің құқықтарын құрметтеген жағдайда қоғамдық сенім нығайып, білім алуға, еңбек етуге және жеке бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы орта қалыптасады.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар