
7 қазан күні Теміртауда Республика даңғылындағы пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Полиция мәліметінше, олардың 20 жастағы ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
“Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


