Алматыда таудан денесі табылған полицейдің өліміне қатысты тергеу аяқталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматы полициясы 37 жастағы Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты тергеуді аяқтады.

23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданының таулы аймағынан, тасжолдан шамамен 400 метр қашықтықта ер адамның өртенген денесін шопан тауып алған. Кейін марқұмның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл болып қызмет еткені анықталды.

Кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен марқұмның жұбайы мен кәмелетке толмаған екі жасөспірім ұсталды. Әйел де бұған дейін полицияда жұмыс істеген. 29 қыркүйекте қылмыстық іс прокуратураға жолданды.

— Осы факті бойынша Алматы полиция департаментінің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Белгіленген тергеу ретіне сәйкес, қылмыстық іс материалдары сотқа жолдау мәселесін шешу үшін Алматы прокуратурасына жіберілді, — деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар