Жаңа куәлікте неліктен туған өңірдің орнына туған ел көрсетіліп жүр

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Жаңа куәлік алған Қазақстан азаматтары «туған жері» бағанында елдің атауы көрсетілгенін айтып жүр.

ҚР Ішкі істер министрлігі құжатқа енгізілген өзгерістерді түсіндірді.  Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзгеріс 2025 жылдың наурыз айында күшіне енген.

«Туған жері» бағанында енді қала немесе елді мекен емес, тек елдің атауы жазылады. Сондықтан, Қазақстанда туған азаматтардың жеке куәліктерінде «Қазақстан» деп көрсетіледі. Шетелде дүниеге келген азаматтардың да туған жері ретінде сол елдің атауы жазылады.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар