Конституция және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің дамуын тек бүгінгі күннің міндеттерімен шектемей, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен байланыстырады.

Негізгі заңда білім, ғылым, инновация, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаны қорғау құндылықтарына ерекше мән берілген. Әр азамат табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарап, табиғатты сақтауға міндетті.

Бұл талаптардың маңызы күнделікті өмірде айқын көрінеді. Қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу, елді мекендерді абаттандыру және табиғи аумақтарды қорғау – баршамызға ортақ міндет.

Осы ретте «Таза Қазақстан» сияқты экологиялық бастамалардың маңызы зор. Мұндай жұмыстар тек тазалықты қамтамасыз етумен шектелмей, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Болашақ алдындағы жауапкершілік табиғатпен ғана шектелмейді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, ескерткіштерге ұқыпты қарау, ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу де – ортақ міндет.

Бүгінгі ұрпақтың әрбір әрекеті ертеңгі күнге әсер етеді. Сондықтан табиғатты қорғау, туған жерді көркейту және мәдени мұраны сақтау – болашаққа жасалған маңызды инвестиция.

Таза әрі көркейген елді кейінгі ұрпаққа қалдыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар