
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары құбырсыз су көтеру технологиясын әзірледі. Қазіргі уақытта жоба өндірістік сынақтан өткізіліп, пайдаланылу кезеңінде.
– Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай құрылғылар өндірілмейді әрі қолданылмайды. Ал ыңғайлылығы, сенімділігі және өндіріске енгізуге дайын болуы жағынан олармен салыстыруға келетін бәсекелес немесе балама шешімдер жоқ. Қазір жабдықтың әртүрлі маусымдық жағдайлардағы жұмысына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Құбырсыз су көтеру технологиясының техникалық-экономикалық және өндірістік тиімділігі бойынша түпкілікті нәтижелер өндірістік сынақтардың толық циклі аяқталғаннан кейін белгілі болады, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


