Заң бәріне ортақ болғанда ғана жүйеге сенім қалыптасады

Мемлекеттік басқарудың маңызды негіздерінің бірі – заңның үстемдігі.

Конституция мемлекеттік институттардың өкілеттіктерін белгілеп қана қоймай, олардың қызметінің құқықтық шеңберін де айқындайды. Осы жүйеде Конституциялық Соттың орны ерекше.

Меніңше, азамат үшін ең бастысы – заңның қалай жұмыс істейтіні және өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың нақты тетіктері бар екенін білу.

Мемлекеттік органдар өз құзыреті аясында жұмыс істеп, шешімдері үшін жауап беріп, ал азаматтардың құқықтары заңмен қорғалса, қоғамдағы құқықтық мәдениет те нығая түседі.

Заңның үстемдігі – абстрактілі ұғым емес. Ол әр азаматтың күнделікті өміріндегі нақты құқықтар мен мүмкіндіктерден көрінеді.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар