
Премьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевқа жол сапасына қатысты мәселелерді түзетуді тапсырды, – деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«ҚазАвтоЖол» басшысы Үкімет отырысында жол қауіпсіздігі мен жолдағы жағдайға қатысты баяндама жасады.
«Баяндама жақсы, бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оны айтқан жоқсыз. Президент айтқан олқылықтардың бәрі сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Жолдардың сапасы жоқ, жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе басқа адамдар бұл жұмыспен айналысады», – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


