
Еуропалық одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері Ресей мен Беларусьтің жеке және заңды тұлғаларына қарсы санкцияларды үш жылға ұзартуға келісті. Бұл туралы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасаған «Чех телевидениесі» хабарлады.
Тиісті шешім 21 қыркүйекте Брюссельде өткен ЕО елдері тұрақты өкілдерінің отырысында қабылданған. Енді бұл уағдаластық түпкілікті бекітілуі үшін жазбаша рәсімнен өтуі тиіс.
Бұған дейін санкциялар алты ай немесе бір жыл мерзімге ұзартылып келген.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


