
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Халық Кеңесіне арналған қаражат қай мақсатта игерілетінін түсіндірді.
Халық Кеңесі жаңадан құрылып жатыр. Бұл ретте, Халық Кеңесі бізге жаңадан бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде келді, сәйкесінше біз бюджет өтінімдерін қарадық. Қарастырылған 1,7 млрд теңгені Халық Кеңесінде жұмыс істейтін адамдардың санына бөлген дұрыс емес, өйткені бұл жерде қаражат тек қана жалақыға қарастырылмаған. Кеңес мүшелері халықпен көп кездеседі. Бұл ретте тиісті кездесулер мен форумдарды, сессиясын өткізеді, сондай-ақ іссапар шығыстары бар. Мұнымен қоса оларда қоғамдық тыңдау өткізу ескерілген, – деді А. Бейсенбекұлы Құрылтайда тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


