
Оған Таяу Шығыстағы жеткізілім қаупі себеп. Нидерландтағы Tитиэф биржасында газ 5 пайызға өсті. Баға мегаватт-сағатына 83 еуроға жетті. Бұл 2022 жылдан бергі максимум. Инвесторлар Ормуз бұғазындағы жағдайға алаңдап отыр. Осы жол арқылы сұйытылған газ тасымалданады. Оның жабылуы жеткізілімді айтарлықтай шектеуі мүмкін.
Мұнай бағасы да жоғарылады. Брент баррелі 107 долларға жуықтады. Жыл басынан бері Еуропада газ 3 есе қымбаттады. Мұнай бағасы да 80 пайызға өсті.
Кәрі құрлық қыс алдында қор жинауға тырысуда. Алайда қоймаларды толтыру қарқыны баяулаған.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


