АҚШ-тың Флорида штатында заңды мәртебесі болмаған Қазақстан азаматы ұсталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстан азаматы АҚШ-тың Флорида штатында көші-қон қызметінің қызметкерлері тарапынан ұсталды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады. Оқиға туралы алғаш рет Instagram желісіндегі salty_sssalt атты қолданушы жазған. Оның айтуынша, қазақстандық әйел 12 қыркүйекте ұсталған.

Достар, бүгін, 12 қыркүйекте үш баланың анасы, біздің құрбымызды ICE қызметі ұстады! – деп жазды автор.

15 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан азаматы АҚШ-тың Флорида штатында елдің көші-қон заңнамасында көзделген заңды мәртебесі болмағандықтан ұсталды. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен байланыста. Оған қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген СІМ хабарламасында.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар