
Жамбыл облысында арнайы операция барысында 438 келі қарасора тәркіленіп, есірткі өсірді деген күдікпен Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.
Арнайы операция «Қарасора – 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен жүргізілген.
Өңірдің құмды алқапқа жақын аумағынан автономды электр қуатымен және суару жүйесімен жабдықталған жасырын есірткі алқабы анықталды. Онда үнді қарасорасы өсірілген.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


