
Қандас мәртебесін алуды немесе Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеуді жоспарлаған азаматтар үшін ҚАЗТЕСТ тапсыру көші-қон әлеуетін критериалды бағалау кезеңдерінің бірі саналады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ҚАЗТЕСТ арқылы үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады. Ведомство мәліметінше, бұл қазақ тілін терең білуді талап ететін күрделі емтихан емес. Тестілеу күнделікті өмірде қарым-қатынас жасауға және Қазақстандағы жаңа ортаға бейімделуге қажетті тілдік дағдыларды бағалауға бағытталған.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


