Трамп Зеленскийден Ресейдің дизель инфрақұрылымына соққыны тоқтатуды сұрады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің дизель отыны инфрақұрылымына соққы жасауды тоқтатуға шақырды.

Трамптың айтуынша, мұндай шабуылдар әлемдік отын нарығына кері әсер етіп жатыр. Ол бұл мәселені Зеленскиймен талқылағанын мәлімдеді.

«Басқа да көптеген нысана бар. Дизельге соққы жасамаңыз», – деді АҚШ президенті.

Трамп жаһандық дизель тапшылығын Таяу Шығыстағы жағдаймен емес, Ресей мен Украина арасындағы соғыспен байланыстырды.

Дереккөз: @baq_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар