
Бастапқыда Жапония кейбір құрлықтардың шынайы аумағын дәлірек көрсететін жаңа картаны қолдап дауыс берген 164 мемлекеттің қатарында болды. Жаңа карта Equal Earth картографиялық проекциясы негізінде жасалған. Енді Токио БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған жаңа әлем картасын түзетуді талап етіп отыр. Себебі онда Куриль аралдары Ресей аумағымен бірдей түске боялған.
Күншығыс елі халықаралық қауымдастықта бұл аралдардың қай мемлекетке тиесілі екеніне қатысты «қате түсініктердің» таралуына жол бермеу керек деп отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Куриль аралдарын КСРО өз бақылауына алды. Токио Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аралдар тобын әлі де өз аумағы деп санайды. Ал Мәскеу бұл мәселеге қайта оралуға негіз жоқ екенін алға тартты.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


