
Лаңкестік әрекеттің 25 жылдығына орай, Нью-Йорктегі Гудзон өзенінің үстінде «Гудзон үстіндегі 2977 от» атты ауқымды жарық шоуы өтті. Аспанға көтерілген дрондардың саны кездейсоқ емес — бұл 2001 жылғы қасіретте қаза тапқан әрбір бейбіт тұрғын мен құтқарушыны білдіреді.
Мыңдаған жарықдиодты дрон аспанда қираған Дүниежүзілік сауда орталығы егіз мұнараларының силуэтін нақты өлшемінде қайта тұрғызды.
Жоба терактіден аман қалғандардың, төтенше жағдай қызметкерлерінің және қаза тапқандардың жақындарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Бұл перформанс жыл сайын көкке бағытталатын 88 қуатты прожектордан тұратын «Сәулелі тағзым» (Tribute in Light) инсталляциясының заманауи жалғасы болды.
Дереккөз: 24kz


