
Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары 1800 шақырым каналды механикалық тәсілмен тазалады.
Каналдарды механикалық тәсілмен тазалау суармалы жерлерге су беру сапасын жақсартып, су ысырабының көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне ықпал етеді. Тазалау жұмыстары қарқынының артуы «Қазсушар» РМК арнайы техника паркін жаңартумен байланысты. Былтыр кәсіпорынға 576 жаңа техника бөлінді. Бұдан бөлек, тариф қаражаты есебінен тағы 135 техника сатып алынды, — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


