Түркістан облысы аумағында өткізіліп жатқан «Үлгілі ауыл» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды.
Нәтижесінде, Сарыағаш ауданынан Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылы облыстық кезеңге жолдама алды.
Аталған байқау ауылдардың тазалығы мен абаттандырылуын, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын, тұрғындар ынтымағын, мәдениет пен спорттың дамуын, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бағыттарын қамтиды.
Бұл — туған жерге деген жанашырлық пен ел бірлігінің жарқын көрінісі.
Дарбаза ауылына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Жеңіс тұғырынан көріне берсін!





