
Мексиканың Санта-Мария-Канчесда елдімекенінде Мариям мерекесіне дайындық кезінде шіркеу маңында пиротехника жарылды. 10 адам қаза тауып, 64-і жарақат алды.
Жарылыстан жақын маңдағы ғимарат қирап, адамдар үйінді астында қалған. Зардап шеккендер арасында балалар да бар. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз.
Дереккөз: 24kz


