Келес және Сарыағаш аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әскери жетекшілері мен колледждердегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары арасында үш күндік оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиынның негізгі мақсаты – әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және жас ұрпақты Отан қорғауға даярлау ісіндегі тәжірибелерді жетілдіру.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас


